Қызылорда облысында волейболдан ерлер командасы арасындағы Қазақстан Республикасының ХХХІІІ чемпионатының ІІ туры өз мәресіне жетті.
Тоғыз күнге созылған дүбірлі додаға еліміздің 9 облысынан келген 150-ге жуық спортшы тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Соның ішінде Қызылорда облысының “Қайсар” ұлдар волейбол командасы 6 ойын өткізіп, барлық сайыстан сүрінбей өтті. Нәтижесінде, “Қайсар” ұлдар волейбол командасы ҚР чемпионатының ІІ турында алғашқы орынды иеленді. Сонымен қатар, чемпионат барысында “Қайсар” волейбол командасының ойыншысы Ақжол Тұрархан үздік ойыншы атанды.
Айта кетейік, волейболдан өтетін ҚР чемпионатының ІІІ туры Шымкент қаласында, ІV туры Ақтау каласында, V туры Түркістан облысында өтеді деп жоспарлануда.
“Қайсар” волейбол командасын жеңісімен құттықтаймыз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<