Қайта жаңғыртудан өткен жанар-жағармай бекеті пайдалануға берілді

505

0

Фото: Қала әкімдігі

Хон Бом До көшесінің бойындағы «Қызылорда мұнай өнімдері» жанар-жағармай бекеті қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Нысанның ашылуында сөз алған қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев «Бүгінде халыққа қызмет көрсететін шағын кәсіпкерлік нысандар аймақтың экономикалық әлеуетінің артуына айтарлықтай үлес қосуда. Қызметін қайта бастаған «Қызылорда мұнай өнімдері» жанар-жағармай кешені осы жұмыстардың бір нәтижесі деуге болады», – деп атап өтті.

Салтанатты шарада бекеттің басшылығы қаладағы тұрмысы төмен 20 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді.

Айта кету керек, жанармай құятын бекетті біріктірген кешеннің Қызылорда облысында 20 нысаны болса, оның 10-ы қала аумағында орналасқан. Жалпы аумағы 2600 шаршы метрді құрайтын еуропалық үлгіде салынған бұл кешенде қоршаған ортаны ластамауға, магистральдық қауіпсіздікті сақтауға басымдық берілген. Мұнда 11 адам жұмыспен қамтылған. Бұған дейін 100 тұтынушыға қызмет көрсеткен бекетте енді тәулігіне 450 автокөлікке қызмет жасалады. Сонымен қатар, нысанда жолаушыларға арналған шағын маркет, автотұрақ қарастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<