Қайтарымсыз грант алған кәсіпкер құрылыс заттарын шығарып жатыр

412

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданының құрылыс саласында қарымды істер көп. Қазірде «Бибігүл апа» дүкені түгел ауданды құрылыс заттарымен қамтамасыз етуде. Жарға жапсыратын түрлі түс қағаздар, желімдер, ұнтақтарды бір дүкеннен-ақ табуға болады.

Бүгінде аядай ғана жерді ауқымды құрылыс дүкеніне айналдырып, татымды тірлік атқарып жатқан кәсіп иесі өнімдерін Қызылорда қаласына жөнелтіп жатыр. Алдағы уақытта Шымкент, Ақтөбе қалаларын қамту жоспаларында бар. Бұл жүйелі жұмыстың барлығын кәсіп иесі Ерлан Рашидов мемлекеттік қайтарымсыз грант арқылы жолға қойған.

– Құрылысы былтыр көктемде басталды. Қазірде кәсіпорыннан кафель желімдері, үйдің төбесі мен еденге пайдаланатын 6 түрлі өнім шығады. Құрылыс заттарын дайындауға 6 жұмысшы жұмылдырылған. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие ұсынылып жатыр, осы зауытты салуға көп көмегі тиді. Қолдау бар. Өндіріс орындарын көптеп салу кәсіпкерге ғана емес аудан тұрғындары үшін де тиімді. Бағасы нарықтан арзанға түседі, сонымен бірге жұмыссыздықты азайтар еді. Ерінбей кәсіптің көзін зерттесең мемлекеттен қаржылық көмек ұсынып жатыр, – деді кәсіпкер.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<