Қайырымдылық акциясына аудан тұрғындары белсенділік танытты

68

0

Фото: Жалағаш ауданы

Наурызнамаға сәйкес 15 наурыз – «Қайырымдылық» күні! Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Наурыз мейірімі» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Бүгін Жалағаш ауданы бойынша көпбалалы, тұрмысы төмен, жалғызбасты қарттарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік көмек көрсетілді. Молшылық айындағы қайырымдылық акциясына кәсіпкерлер, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенділік танытты.

Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аудан тұрғындарының бір-біріне деген мейірімділігін көрсететін маңызды сәтке айналды. Әсіресе, көпбалалы, тұрмысы төмен, жалғызбасты қарттарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қолдау ерекше мәнге ие.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<