Қайырымдылық концерт өтті

398

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігін жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа.

Осы ретте, Достық үйінің концерт залында Корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен қайырымдылық концерт өтті.

Александр Огай қала тұрғыны, корей орталығының белсендісі. Өте жарқын және көңілді адам. Алайда ол бала кезінен ауырады, бірақ соған қарамастан, ол өңірлік Корей этномәдени бірлестігінің жұмысына, оның ішінде парадансқа белсенді қатысады. Өкінішке орай, кейінгі уақытта денсаулығына байланысты жаттығуды тоқтатты.

Қайырымдылық концерт өтті

Қазіргі күні 1-ші топ мүгедегі, арбаға танылған. Зейнеткер анасы оған қамқорлық жасауда. Соңғы уақытта сырқаты асқынып барады. Оңалту және қанайналымды реттеу үшін оған биомассажер қажет.

Осы ретте, оның еміне қолдау білдіру ниетінде өңірлік корей этномәдени бірлестігі, облыстағы бірнеше этномәдени бірлестіктер және «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы атсалысты.

Ендігі сәтте керекті қаражат толықтай жиналып, Александр жазылып кетсе деген ниеттеміз.

Dostyk_News

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<