Қала әкімі партия алаңында қабылдау өткізді

290

0

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов бекітілген кестеге сәйкес «АMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы алаңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауда азаматтар тұрғын үй, тұрақты жұмыс және жол жөндеу туралы мәселелерді көтерді.

Солардың ішінде, Қуанышбай Қожағұлов есімді қала тұрғыны қажеттіліктерді қанағаттандырып жүрген қала басшылығына рахметін айту үшін арнайы келіп, Фазылов көшесіндегі жол мәселесінің шешімін тапқанына риясыз алғысын білдірді.

Өз кезегінде, қала әкімі Асылбек Шаменов мәселесін айтып келген тұрғындарға нақты жауап беріп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<