Қала әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен жеке қабылдауға қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев және қалалық полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев қатысты.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына негізделген қабылдауда барлығы 40 азаматтың өтініші қаралды. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар өз мәселесін жеткізді. Басым бөлігі – тұрғын үй алу жолдарын сұрап, денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке мұқтаж екенін айтып, сауалдарын жолдады.
Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы мәселесін айтып келген тұрғындарға нақты жауап беріп, сала басшыларына тапсырма берді. Ал, қалалық мәслихат төрағасы мен қалалық полиция басқармасының бастығы қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жасады.
Қызылорда қаласының әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<