Қала мектептерінің бірінен жарылғыш зат табылды, – деп хабарлайды ktk.kz.
Көкшетау Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға №2 мектепте болған. Оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланған.
Оқу орнының аумағы қоршалған. Сонымен қатар, мамандар құрылғыны дәл сол жерде жою туралы шешім шығарған.
Қазір мектепте тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Полицейлер дүрбелең туғызбауды сұрайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<