Қала мен даланы қауыштырған жәрмеңке

518

0

Ел ырзығын тасытып, берекесін арттыратын күз айлары – әлеуметтің қыс маусымына қапысыз қамдануға кірісетін шағы. Қамданыстың басты шарты, әрине, жеткілікті азық-түлік қорын жасақтау екендігі бесенеден белгілі. Бұл әсіресе, көмір түсіріп, тамызық жинауға бас ауыртпайтын, қорасында қоңды мал ұстамайтын қалалық ағайынға тән сабылыс.

Өткен сенбіде Қармақшы ауданы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 50-ден астам жүк көлігімен 85 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарық бағасынан төмен бағада сатылды.

Атап айтқанда, 20 тоннадай күріш, 40 тонна шамасында бақша өнімдері, 5 тоннаға жуық ет пен балық өнімдері, кондитер және бакалея өнімдері, 220 кг сүт өнімдері, 16 тонна жем шөп, 10 бас тоқты жеткізілді.

Жәрмеңкеге жарыса жүгірген жұртшылық қыс қамын қамданып, керекті өнімдерін алып, үйді-үйге жақсы көңіл күймен тарасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<