Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII сессиясы өтті

222

0

Фото: қала әкімдігі

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII сессиясы өтті. Күн тәртібінде «2024-2026 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу, «Қызылорда қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мен тәртібін айқындау», «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» мәселелері талқыланды.

Сессияға қатысқан қала әкімі Нұржан Ахатов облыс басшысының қолдауымен жыл басында 54 млрд. теңге көлемінде бекітілген қала бюджеті 110 млрд. теңгеге жеткендігін, соған сәйкес қалада ауқымды жұмыстар жүріп жатқандығын атап өтті. Алдағы уақытта тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қаладағы Қорқыт Ата, қалалық парк, Президент, Шөкенов саябақтарына ішінара және толық абаттандыру жұмыстары жүргізелетіндігін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<