Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

252

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті XXVII сессиясы өтті. Онда шаһар басшысы Нұржан Ахатов қалада атқарылған жұмыстарды баяндап, алда жүзеге асырылатын жобалармен бөлісті.

«Ел Президентінің, Үкіметтің тұрақты қолдауымен, аймақ басшысының үйлестіруімен тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соған сай қалада барлық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, негізгі капиталға салынған инвестиция 8 айда 167,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4 пайызға артты. Сол секілді құрылыс жұмыстарының көлемі 57,7 млрд. теңге болып, ол 45 пайызға өсті. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 3,2 пайыз болды. Бөлшек сауда да өсім бар, осы кезеңде ол 278,3 млрд теңгені құраса, бұл 4 пайызға көтерілгенін көрсетті. Алда әлі атқарылар шаруа көп. Оны Өздеріңізбен бірлесе жүзеге асырамыз,» – деді Нұржан Сәбитұлы.

Расында, шаһардың заманауи бейнесінде оң өзгеріс көп. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу құрылыстары, абаттандыру жұмыстары жанданып отыр. Санитарлық тазалық сақтауда жақсы үлгі қалыптасқан. Жиында бюджет және экономикалық даму, ауыл шаруашылығы, жер және экология мәселелері жөнінде тұрақты комиссияның есебі тыңдалды.

Сессияда баяндамашылардың ұсыныстары депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<