Қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысы өтті

408

0

5 шілде күні қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтің төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысы өтті.

Күн тәртібінде қалалық ономастикаға келіп түскен көше атауын беру жөніндегі 19 ұсыныс, сондай-ақ Қызылорда қаласы, Арай-Шұғыла мөлтек ауданындағы шартты атаудағы 5 көшесіне жер, су атауларымен қайта атау және Қарауылтөбе ауылдық округінің ауылдық мәдениет Үйіне атау беру мәселелері қаралды.

Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Қызылорда қалалық ономастика жұмысшы тобына Қызылорда қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін қайта атау және атау беру туралы келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерін талқылау» бойынша хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Қызылорда қалалық ономастика жұмысшы тобына Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінің ауылдық мәдениет Үйіне атау беру мәселесі бойынша Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Еркін Ахетов тоқталып өтті.

Жанмұрат Жақсымұратұылы жиынды қорытындылай келе, отырыста қолдау тапқан ұсыныстарды тиісті заңдылықтарға сәйкес үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кету керек, көше атауын анықтауға байланысты ономастика жұмысшы топ отырысы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің (2014 жылғы 4 ақпандағы №138) қаулысымен бекітілген қағидасына сәйкес өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<