Қалалық семинар өтті

150

0

Фото: қалалық білім бөлімі

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мақсатты мектептер» жобасы аясындағы «Оқылым дағдысын дамыту арқылы тіл пәндеріндегі функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пән мұғалімдерінің семинары өтті, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Семинардың мақсаты оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту, оқылым мәтіні бойынша ойын еркін жеткізе білуге қалыптастыру және оқу сауаттылығын жетілдіруде әдіс- тәсілдерді ұтымды пайдалану, әріптестік тәжірибе алмасу.

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп базасында өткен шараға қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ғалия Ибрагимова қатысып, жобаның мақсат- міндеттерін түсіндіріп, семинар бағдарламсасымен таныстырды.

Семинар барысында мақсатты мектептердің ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» мамандары және педагогикалық шеберлік орталығының мамандары ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты.

Іс-шараны қорытындылау барысында «Мақсатты мектептер» жобасы аясындағы мектеп басшылары мен орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пән мұғалімдері пән мазмұнына сай сапалы білім беруді ұйымдастыру, тіл пәндеріндегі оқу сауаттылығын дамыту мен функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында тренер- мамандармен тәжірибе алмасты.

Шара соңында сапалы сабақ көрсеткен пән мұғалімдері Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Алғысымен» марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<