Қалам иесіне құрмет

5

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  3 наурыз – Дүниежүзілік Жазушылар күні аясында ақын, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Телерадио академиясының «Алтын жұлдыз» иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Тұран» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкілі Қаршыға Есімсейітованың шығармашылығына 50 жыл толуына орай «Орындалған арман» атты кездесу кеші өтті.

Кеште «AMANAT» партия­сы облыстық филиалының тө­рағасы Жандос Базартай, облыс­тық мә­дениет, архив­тер және құ­жаттама басқар­ма басшы­сының орынбасары Қуаныш Жанұзақов, «Қазақ­стан» РТРК АҚ Қызылорда об­лыстық филиалының дирек­торы Нұрбек Әмиша, Қор­қыт ата атын­дағы Қызыл­орда универ­си­те­тінің аға оқы­ту­шысы, филология ғылым­да­рының кандидаты Айман Айтбаева қалам иесінің шы­­ғар­машылығы жөнінде айта ке­ліп, қоғамдағы, қазақ жур­на­лис­тикасындағы еңбегін жоғары бағалады.

Осы кеште Қуаныш Жан­ұзақов атаулы күнге орай ай­мақ руханиятын дамытуға ат­салысып жүрген ақын-жа­зу­шыларға бас­қарма басшы­сының Алғыс хатын табыс етті.

Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының ие­гері Қа­тира Жәленова, техника ғы­лым­дарының докторы, профес­сор С.Қошқаров, Қа­зақстан Жазушылар және Жур­налистер одағының мү­шесі, тарих және қоғамдық ғы­­­лымдар академиясының мү­ше­сі, ғалым-публицист Қ.Ома­ров, Қа­зақстан Жазушылар ода­ғы­ның мү­шесі, сатирик жазушы Н.Елтай, Шиелі ау­дандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет құт­тықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне сый-сияпат көрсетті. Шиелі аудандық мәдениет жә­не тілдерді дамыту бөлі­мінің басшысы А.Әзімхан аудан әкі­мінің құттықтауын табыс етті.

Кеш барысында ақын өлең­­дері оқылып, Бүкілодақ­тық ха­лық шығармашылығы фестива­лі­нің лау­реаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Ал­тынсарин төсбел­гі­сінің және  «Құрмет» орденінің ие­­гері Кенже Мусаева ақын сө­зіне жазылған Ділдахан Тор­ғаеваның «Жырыммен бір­ге демеңдер!» атты әнін орын­дап, көрермен қа­­уым­ның ықыласына бө­­лен­ді. Қы­зылорда Жастар теат­­ры­­ның өнерпаздары ақын шы­­ғар­­­ма­шылы­ғынан «Анаға тағ­­­зым» қойы­лымын сахнала­ды. Сон­дай-ақ кеш иесі Қ.Есім­сейіт­ованың жаңадан жарық көрген «Шешім» кітабының тұсауы ке­сіліп, «Менің әле­мім» тақыры­бын­дағы кітап көр­месі таныстырылды.

Іс-шараға облыстың зиялы қа­уымы, ардагерлер, бұ­қаралық ақ­­парат құралдары өкілдері қа­тысты.

«СБ» ақпарат