Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

127

0

Фото: Қала әкімдігі

«Қаламгерлер» аллеясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерейлі мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров, БАҚ саласы мен зиялы қауым өкілдері, жауапты сала мамандары қатысты.

Сыр бойы әдебиетінің үш алыбы ескерткішінің жанына жиылған қаламгерлер ең әуелі жергілікті өнерпаздардың өне­рін тамашалады.

Қала әкімінің орынбасары журналистердің қоғамдағы орны мен беделі туралы айтып, жылы лебізін білдірді.

– Елдiң алдында тұрған саяси, экономикалық және әлеу­меттiк мiндеттердi табыс­ты орындау көп жағдайда қоғам­ның әлеуметтiк белсен­дiлiгiне байланысты, ал оған ықпал етуде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі орасан. Осы ретте, ұлтты бірлікке ұйыстырып, ел ертеңі үшін  атқарылатын байыпты бас­тамаларға белсене атсалысып, қолдап келесіздер, – деді ол.

Шарада шаһардың тыныс-тіршілігін, өзекті мәселелері мен жарқын жетістіктерін ақ­параттандырып, халық пен билік арасында алтын көпір бола білген бірқатар сала үз­дік­теріне қала әкімінің арнайы Алғыс хаты табыс­та­лып, сый-құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Қа­зақстан Журналистер ода­ғының мүшесі, бірнеше кітап­тың авторы Жүзбай Ибрагим­ұлының мерейлі 75 жасқа толуына орай сый-сияпат көр­сетілсе, ақын, белгілі жур­налист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сала өкілдерінің мерейін үстем ету үшін мереке қар­саңында іс-шаралар ұйымдас­тырылды. Атап айтар болсақ, қала әкімдігінің ұйытқы бо­луымен, журналистер ара­сында спорттық шаралар өтті. Бильярд, боулинг сайысында жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлыққа ие болды.

«СБ» ақпарат