Қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс ошағы

208

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақта кәсіпкерлік саласы түрлі жобалар арқылы даму үдерісінде. Облыста қайтарымсыз грант алып,кәсіп көкжиегін кеңейткен кәсіпкерлердің үлкен шоғыры бар. Солардың бірі Жалағаш ауданындағы қалдықсыз өнім шығаратын «Нұр» қап зауыты.

Өндіріс ошағынан бір демде күріш,жем, қоқыс салуға арналған 10 мың дана қап шығарылады. Бүгінде зауыттың жұмысын жүйелеуге 4 адам жұмылдырылған. Кәсіп иесі Асылхан Нұрасыловтың айтуынша, шикізат көршілес Өзбекстан елінен келеді. Ал зауыттың маторы болған алып техника Қытайдан арнайы әкелінген.

Кәсіпкер бұл кәсіпті бастауды көптен бері ойға түйіп жүрген. Ойға алған жұмысынан өнім алып отырған кәсіпккр алдағы уақытта өнімін тек облыс көлемімен ғана шектелмей, шетелге экспорттауды мақсат етіп отыр.Бұл игілікті істің барлығы «Ауыл аманаты» жобасы аясында алған несиенің арқасында жүргізіліп отыр.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<