Экология саласының мамандарын мерекемен құттықтады

547

0

Биыл Экология саласының құрылғанына 35 жыл толды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аймақтың экология саласына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды мерекемен құттықтап, облыс әкімінің алғыс хатын табыстады, деп хабарлады Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Еліміз өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу еліміздің басты міндеттерінің бірі болды. Бүгінгі таңда олардың басым көпшілігін орындауда аймақтың эколог мамандарының еңбегі орасан.

Бүгін 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне және Экология саласының құрылғанына 35 жыл толуына орай облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов экология саласының ардагерлері мен бірқатар қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтады.

«Экология саласында – экологиялық ахуалды одан әрі жақсартуға және халқымыздың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру мақсаттарына қол жеткізу жолында қажетті қадамдар жасалуда. Бүгінгі кәсіби мерекені Сыр елінің экология саласының мамандары толымды жетістіктермен қарсы алып отыр. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда Сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, экологиялық деңгейінің жақсаруына өлшеусіз үлес қосып келесіздер» – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары аймақтың экология саласын жақсартуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, облыс әкімінің және облыс әкімінің бірінші орынбасарының «Алғыс» хатын табыстады.

Мерекелік жиын барысында қоршаған ортаны қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, аймақтың экологиясын жақсартуға елеулі үлес қосқан экология саласының ардагері Қуанышқали Шапшанов жүрек жарды лебізін білдіріп, марапат иелері естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<