Қалжан ахун ауылындағы Қайқы батыр көшесі күрделі жөндеуден өткізілуде

448

0

Фото: Сырдария ауданы

Жол-көлік саласын дамытуда ауданда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Оның қатарында Қалжан ахун ауылындағы Қайқы батыр көшесі бар.

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қайқы батыр көшесіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеме – «Орда Автодор» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды атап көрсетті.

Күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 153 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар 2024 жылдың сәуір айында басталды. Қазіргі уақытта көшеге тас жабындысы (ГПС) төселіп, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, көше бойына жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Бүгінде көше бойында 3 каток, 7 «КАМАЗ» автокөлігі, 1 асфальт төсеу техникасы (асфальтоукладчик) жұмыс жасауда. Негізі, көше жолының ұзындығы 1,8 шақырымды құрайды.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы және мерзімінде атқаруды ескертті. Жол жабындысын қалың төсеп, жаяу жүргіншілер жолының да сапасына мән берді. Бұл жұмыстарды тиісті сала басшысына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бұдан бөлек, ауданда Қоғалыкөл елді мекеніндегі А.Құнанбаев, И.Мақсұм, Ә.Айзунов, А.Есмахов, Шымбай, С.Майқанова көшелерің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Қызылорда жолдары» ЖШС атқарып, жалпы 2,8 шақырым жол жөнделу үстінде. Сонымен қатар, С.Сейфуллин ауылында да 6 көше, атап айтқанда, Қ.Әбдірей, Бәйтен батыр, Сәрке батыр, Е.Қосбармақұлы, Шортанбай би және А.Іскендіров көшелері күрделі жөндеуден өткізілуде. Мердігер мекеме – «Орда Автодор» ЖШС.

Айта кетейік, өткен жылы аудан бойынша жол саласына барлығы 32 жобаға 3,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық, аудандық маңызы бар және ауылішілік 78 шақырым жол жөнделді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 99 пайызы, ауылішілік жолдардың 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетті.

Ал биыл 1,7 млрд. теңгеге жолдар жөнделуде және жаңа шағын аудандардың инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<