«Қамбаш» жазғы тынығу лагері өз жұмысын бастады

582

0

Фото: Арал ауданы

Кеше «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығындағы балаларға арналған жазғы тынығу лагерінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

Балғындардың дәстүрлі қуаныш мерекесіне аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып: «Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніменжәне кезекті оқу жылын ойдағыдай аяқтауларыңызбен құттықтаймын! «Бала күлкісі – ересектердің көңіл жұбанышы», балаларымыздың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру – біз үшін маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда балаларға арналған «Қамбаш» жазғы демалыс лагері дәстүрге сай өз жұмысын бастап, бүлдіршіндерімізге есігін айқара ашып отыр. Жазғы демалыстарыңыздың әрбір күнінің естен кетпестей қызықты сәттерге толы болуына тілектеспін! Тынығу лагерінде жаңа достар тауып, ауызбіршілік пен ынтымақтың ұйытқысы бола біліңіздер», – деп жылы лебізін жеткізді.

«Қамбаш» жазғы тынығу лагері өз жұмысын бастады


Сонымен бірге, Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева қатысып, балалардың қызықты демалыс өткізуіне тілектестік білдірді.

Мерекелік шара барысында аудан әкімі орталық қызметін көріп, жас қолөнершілердің дайындаған туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, тынығу лагеріндегі балаларды жан-жақты дамыту бағытындағы атқарылып жатқан бастамалармен танысты.

Салтанатты кеште орталық тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, мыңбұрылған бишілер мен жезтаңдай әншілер көрермендер көзайымына айналды.

Шарада аудан басшысы, құрметті қонақтар мен лагердің алғашқы легіне келген тынығушылар кешкілік алау отын тұтандырып, естеліктерімен бөлісті. Мерекенің соңы әсерлі от шашумен аяқталды.

Атап өтейік, «Қамбаш» жазғы тынығу лагері биылғы жылы 7 ауысым бойынша 1000-нан астам баланы жазғы демалыспен қамтиды. Ал бүгінгі тынығу лагерінің алғашқы ауысымына 130 бала қабылданды.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<