Қаңтар оқиғасы: Пробация есебіндегі соталғандармен кездесті

531

0

Бүгін Қызылорда қалалық пробация үйінде қаңтар оқиғасына қатысқан пробация есебіндегі сотталғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Б.Жұмаш, «Жігер» мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы, заңгер М.Жумадилаев, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Жақсылық  және қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ж.Есмаханов қатысты.

Кездесу барысында бөлім прокуроры Б.Жұмаш пробация есебіндегі азаматтарға сот қаулысымен жүктелген міндеттерді, жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзбауға және олардың жауапкершілігі мен құқықтарын түсіндірді.  

Ал жұмыспен қамту орталығының маманы Әділжан Бауыржанұлы пробациялық есептегі азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қайтарымсыз грант түрлерін алу және медициналық мекемелерден қажетті жағдайда ем қабылдау жолдарын түсіндірді. Заңгер Мұрат Жумадилаев есептегі сотталғандарға тегін құқықтық, психологиялық көмектер беретіндігін жеткізді.

Кездесу соңында пробация есебіндегі азаматтар да қозғалған мәселелерге байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, сала мамандарына сұрақтарын тойып, тұщымды жауаптарын алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<