Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәжімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
– Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып жатыр. Бүгінде 1 249 тұлға сотталды. Негізінен олар ұрлық жасап, қару тонаған, тәртіпсіздіктерге қатысқан. Нақты мерзімге 160 тұлға сотталды. Қалғандары біршама жеңіл жазаға тартылды. Мәсімовке және ҰҚК-нің өзге де басшыларына қатысты іс сотқаа жіберілді. Оларға билікті басып алуға тырысу, мемлекетке опасыздық жасау және билікті асыра пайдалану айыбы тағылған. Сонымен қатар биілікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов ісі де сотта жатыр, – деді ол Бас прокуратураның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.
Оның дерегінше, Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстық ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерінің бұрынғы басшыларына қатысты тергеу аяқталған.
– Зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша Алматы мен Талдықорған қалаларында ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Оның ішінде 17 іс сотқа жіберілді, – деді Тимур Тәжімбаев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<