Қапшағай атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді

928

0

 

Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», – делінген Жарлықта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 16 наурызда Президент Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдауға дайын екенін айтқан болатын

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<