Алматының Орталық стадионының басшысы «Астана» – «Челси» матчы алдында трибуналардың уақытылы тазаланбауына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда өткен «Астана» – «Челси» футбол клубтары арасындағы ойынды тамашалауға барған жанкүйерлер көрермендерге арналған орындақтар мен баспалдақтардың қардан тазаланбағанын айтып, нарзылылық білдірген еді. Желіде стадионның қар басқан орындықтарының фото-видеолары тарады.
«Алматы қаласы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардағы орындықтардың (орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%) арасындағы қардың уақтылы тазаланбауына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін тексеру жүргізіледі. Орталық стадион нысанының меңгерушісі Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды», – делінген Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясының хабарламасында.
Еске салсақ, аталмыш ойында «Астана» футбол клубы «Челсиден» 1:3 есебімен жеңілгені туралы жазған едік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<