Қар, тұман, көктайғақ: 29 қаңтарға ауа райы болжамы

405

0

Қазгидромет синоптиктері 29 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттарға байланысты әлі де Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.