Қарағанды облысында 350 гектарға жуық дала өртеніп жатыр

532

0

Бүгін Қарағанды облысында 17 табиғи өрт тіркелді. Оның ішінде 10 учаскедегі жалын әзірге толық сөндірілген жоқ. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында 17 табиғи өрт тіркелді. Жалынның өршуіне жоғары ауа температурасы мен жылдамдығы 20 м/с жел себеп. Оның ішінде 7 өрт сөндірілді. Ал 10 өрт ошағы бақылауда. Атап айтқанда, қазір Шет ауданына қарасты Қызылтау елді мекенінде 300 гектар және өзге аумақтардағы аумағы 50 гектардан аспайтын 9 дала өрті сөндіріліп жатыр.

Құзырлы орган дерегінше, өрттерді сөндіруге 279 адам мен 78 техника жұмылдырылған.

Еске салайық, бүгін құтқарушылар Қарағанды маңындағы Саран тасжолы бойында құрғақ шөптен тұтанған өртті сөндіргенін хабарлаған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<