Қарағанды облысында Қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсті

140

0

Кадрдан алынған видео

Қазақ даласында сирек кездесетін жануар — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген арқар фототұзақ объективіне түсіп қалды.

Кадрларды «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Белодымов» филиалы жариялады.

Кадрда ол табиғат ортасында өзін еркін, әрі осы дархан даланың толыққанды иесіндей сезініп тұрғандай көрінеді.

Материалдарды филиалдың аңшылық маманы Т.Г.Ковальчук ұсынған.