Қарағандыда 38 жастағы анасы мен кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды

13

0

Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың денесі 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі үйлердің бірінен табылған. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, екеуі де зорлықпен өлтірілген. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктінің кім екені белгілі болған және оны ұстау шаралары жасалып жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар атқаруда», — деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті.

Көршілерінің сөзіне қарасақ, күдікті марқұм әйелмен бірге тұрған ер адам болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, елді дүрліктірген Алматыдағы 3 адамның өмірін жалмаған жол апатынан соң полицейлер істі болды.