«Қарасора – 2023»: Қызылордада 23 адам құрықталып, оның алтауы қамаққа алынды

618

0

Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған «Қарасора – 2023» жедел – профилактикалық іс шарасы өтуде. 1 маусымда басталған шара 31 қазанға дейін өткізілмек.

«Қарасора – 2023» шарасының басты мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу болып табылады.

Іс – шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 39 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 20 дерегі есірткі өсіру, 2 дерегі есірткі өткізу, 3 дерегі аса ірі мөлшерде сақтау және 14 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 1 тонна 615 кг. 939 гр. есірткі заты алынса, оның 5 келіден астамы «марихуана», 5 гр. «гашиш» және 1 тонна 610 кг. каннабис өсімдігі алынды.

Есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынды. Айталық, Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары аумағының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<