«Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

221

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Заманауи бес кеселдің бірі болып танылған есірткімен күрес Ішкі істер министрлігінің қызметінің ажырамас бөлігі. Осы орайда 1 маусым мен 31 қазан аралығында Республика аумағында «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Операция құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға жасырын егістіктер және плантатцияларды жоюға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ардақ Дөненов айтты.

– Операцияға Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ғана емес сондай-ақ «Бүркіт» АЖ, Жылдам қыймылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері, ІІМ-нің Ұлттық ұланының тік ұшағымен пилотсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. Іс-шара кезеңінде 207 есірткіге қатысты заң бұзушылық анықталды. Іс-шара аяқталғанымен бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы күресте қойылған міндеттерді орындау үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалатын боламыз, – деді Ардақ Әбішұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<