Қаратаудың етегіндегі қанттай қарбыз

334

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жайылмадағы қарбыз дәмінің ерекше болуы егін тың топырақта өніп, Қаратау етегінде орналасқан «Жиделі» су қоймасындағы таза тау суымен суарылғандықтан, дейді ауыл тұрғындары. Қарбызды қаржы көзіне айналдыра білген ауыл халқы өз істерін жетік меңгерген.

Қарт Қаратаудың етегінде орналасқан Жайылма ауылы туралы әңгіме қозғасақ, ең бірінші дәмі тіл үйірер қарбыздың еске түсері анық. Тың топырақта өніп шығатын бұл өнімнің дәмі расында да ерекше. Сондықтан да болар, сонау ел шетінен келіп, Жайылманың қарбызын алып кететіндер баршылық. Осы ауылда өз кәсібін өркендетіп отырғандардың бірі Шідербаев Шерехан. Ол жетекшілік жасайтын “Шоқымазар” шаруа қожалығында биылғы жылы ерте егу тәсілімен егілген қарбыз өнімдері ағымдағы жылдың 10-шышілдеден бастап нарыққа шығарылады.

– Биыл ауа-райы да жақсы болды. Мол өнім алып жатырмыз. Алғашқы өнімді де алып, 35 тоннаны Елордаға қарай бағыттадық. Енді қалған өнімдерді өз ретімен экспорттаймыз. Біздің Жайылмаға шет ел асып келетіндер бар. Біз де осыдан несібемізді көріп жатырмыз, – деді кәсіп иесі.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<