«Қарлаң» көпірінің құрылысы қарқынды

584

0

Қазалы ауданындағы үлкен жобалардың бірі – Сырдария өзенінің «Қарлаң» учаскесіндегі темір-бетон көпірінің құрылысы екені жасырын емес.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаевпен бірге «Қарлаң» темір-бетон көпіріне арнайы барып, құрылыс жұмыстарын көрді.

Құрылыс жұмыстарының барысымен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов таныстырды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сырдария өзенінің арғы бетіндегі тұрғындар үшін көпірдің маңыздылығы жоғары екенін тілге тиек етіп, құрылысшыларға ең бірінші кезекте құрылыстың сапасына аса қатты мән беру қажеттігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<