Қармақшы ауданының өнеркәсіп өрісі кеңейіп келеді

517

0

Сурет ашық дереккөзден

Қармақшы ауданына жыл басынан бері 4,0 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,8 пайызға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы мәлімдеді.

Сондай-ақ, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарымен 2,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ал, осы өнеркәсіп саласының 87,0 пайызын құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 2,0 млрд теңгегенің өнімі алынып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1 есеге артып отыр.

– Ауданның экономикалық дамуы көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін шағын кәсіпкерліктің дамуыда басты назарда. Сонымен қатар, аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 2023 жылдың 1 шілдесіне 4 470 бірлікті құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға, оның ішінде жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 4 150 бірлікті құрады. Бұған қоса, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 90 жоба 740,5 млн.теңгеге несиелендірілсе, 112 жоба115,0 млн.теңге грант берілді. Жыл соңына дейін, кәсіпкерлік саласындағы жобалар мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру көлемі былтырғы жылдан да жоғары болады деп күтілуде, – деді Жандос Еркінбекұлы.

Қазіргі таңда ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде 1672,1 млрд. теңгені құрайтын 258 жобаның құжаттары дайындалуда. Бұдан бөлек, 9 ауыл шаруашылығы кооперативін ашып, 212,0 млн. теңгеге қаржыландыру жоспарланып отыр.

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан экономикасын әртараптандыруда шикізаттық емес секторды дамыту ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырумен қатар импорт алмастыру мәселесі қолға алынуда. Ол үшін, индустрияландыру бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаның бірі Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасы биылғы жылы іске қосылады деп күтілуде. Жосалы кентіндегі «АНК-Дәулет» ЖШС газоблоктар өндіретін шағын зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 200,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Өңірлік Инвестициялық орталығы арқылы 60,0 млн теңгеге несиелендірілді. Бұдан бөлек, аудандағы сауда саласын одан әрі дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан орталығындағы ескі сауда базарының орнына жергілікті кәсіпкердің бастамасымен заманауи үлгідегі сауда орталығының құрылысы басталды. Жоба құны 150,0 млн теңге. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру үшін Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 50.0 млн. теңге несие қаражаты берілді.ІІІ-Интернационал ауылдық округінен жеке кәсіпкер Г.Рагибованың мал бордақылау алаңы және сою цехының құрылысын салу жоспарлануда. Жобаны іске асыруға қажетті 2 га жер теліміберілді. Мал бордақылау алаңында бір мерзімде 100 бас жылқы, 100 бас мүйізді ірі қара және 200 бас қой бордақылау жоспарлануда. Сонымен қатар, перспективада ет өңдеу цехын ашу көзделуде, – деді Жандос Еркінбекұлы.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<