Қармақшыда «Светофор» төмен бағалар дүкені ашылды

901

0

Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Жосалы кентінде «Светофор» төмен бағалар дүкенінің ашылу салтанатына қатысты. Аудан басшысы халық игілігі үшін ашылған жаңа дүкеннің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, лентасын қиды.

Қармақшыда «Светофор» төмен бағалар дүкені ашылды

Жаңа сауда дүкеніне сауда жасауға келген тұтынушылардың қарасы көп болды. Тауарлардың да түр-түрі бар. Яғни, дүкеннен ең қажетті деген әлеуметтік тауарлармен қатар, шаруашылық заттардың да ассортиментін табуға болады.

Жаңа дүкен алдағы уақытта аудан экономикасының әлеуетін арттырып, сауда бәсекелестігін дамытуға және баға тұрақтылығын сақтауға септігін тигізетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<