Қармақшыда жаңа ауылдық клуб ашылды

645

0

Жаңа нысан – ел игілігіне. Қармақшы ауданының Қуаңдария ауылдық округінде жаңадан салынған клубтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мердігер мекеме «Ахат+ГС» ЖШС 100 орынға арналған мәдени нысанның құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтады. Осылайша қуаңдариялық өнерпаздар мен тұрғындарды толғантқан мәселе шешімін тапты.

Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, елді мекен халқына ақжолтай тілегін арнады.

– Облыс әкімінің тікелей қолдауымен Сыр елінде серпінді жобалар атқарылып, көптеген жаңа нысандар ел игілігіне берілуде. Соңғы 8 ай ішінде 17 ғимараттың құрылысы жүргізіліп, жобалық жұмыстары бастау алды. Мұның бәріне біз тәуелсіздіктің және береке-бірліктің арқасында қол жеткіздік.

Жаңа нысан мәдениеттің жандануына, өнерлі жастардың өрісін кеңейтеріне сенеміз. Тұрғындар осында келіп, түрлі іс-шараларды тамашалайтын болады. Ауыл өнерпаздарының еңбегі еселене берсін – деді Н.Сақтағанов.

Шарада сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ешмағамбет Дүйсебаев аймақ басшысына және осы ел игілігі үшін жасалған іске атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізіп, жаңа ауылдық клубтың жұмысына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<