Қармақшылықтар екі дүркін әлем чемпионы Ерасыл Сәулебековті күтіп алды

939

0

Бүгін орталық алаңда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Сәулебеков Ерасыл Аянұлы мен бапкері Айдар Ералиев Қойшыбекұлын Қармақшы жұрты зор құрметпен қарсы алды.

Өздеріңізге белгілі, Ерасыл Сәулебеков 2022 жылы Мексика мемлекетінде өткен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем біріншілігінде 3 алтын медальға қол жеткізсе, міне биыл Албания мемлекетінде өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 73 кг салмақ дәрежесінде екінші мәрте Әлем чемпионы атанды.

Аудан әкімі күллі қазақ елінің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жас спортшы Ерасыл Аянұлы мен бапкері Айдар Қойшыбекұлына барша аудан халқының атынан алғыс білдіре отырып, Ерасыл Сәулебековке 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыстады.

Өз кезегінде әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков пен спортшының бапкері Айдар Қойшыбекұлы тілектес болған аудан халқына рақмет айтып, ризашылықтарын білдірді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жас спортшыға ақ батасын беріп, ауданымыздың барша ардагерлері атынан ізгі тілегін жеткізді.

Жерлестеріміздің спорттағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<