Қарқынды емдеу палатасындағы мейіргердің тиімді жұмыс ұйымдастыруы

270

0

Бұл тақырыптың өзектілігі қабылдау бөлімінде өмірлік маңызды функциялардың бұзылыстарын қалпына келтіруге, этиологиялық факторға қарамастан науқастарды терминалдық күйден шығаруға арналған жалпы шаралардың қабылдануымен байланысты.

Көпсалалы аурухананың қабылдау бөлімінде қарқынды емдеу палатасын ұйымдастыру емдеу тиімділігі мен өлім-жітім деңгейін төмендету бойынша әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Реанимация – ағзаның өмірлік белсенділігін қалпына келтіруге және оны соңғы күйден шығаруға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл іс-шаралар, ең алдымен, тиімді тыныс алуды және қан айналымын қамтамасыз етеді.

Көп бейінді облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесінің қарқынды емдеу палатасына жылына 1300-ден аса науқас қабылданып, алғашқы медициналық ем-шара жасалынып, жедел-жүрек миокард инфарктісі, жіті коронарлы синдром, жедел жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді өкпе ісінуі диагноздарымен, жедел ми қан айналым жетіспейушілігі, геморрагиялық инсульт, жедел жоғарғы тыныс жетіспеушілік, жедел буйрек жетіспеушілігі, жедел бауыр жетіспеушіліг, кардиогенді шок, кома, журек соғысының ауыр бұзылыстары, септикалық куй, анафилактикалық шокка түскен науқастар ем алады.

Қабылдау бөлімшесінің қарқынды емдеу палатасына жоғары кәсіби деңгейде мейіргерлер, белгілі бір міндеттерді өз бетінше орындауға қабілетті білікті жұмысшы ретінде қарастырылады. Мейіргер персоналына науқастың жағдайын бақылау және дәрігерге дейінгі медициналық көмек, сондай-ақ емдеуші дәрігердің тағайындауын орындау функциялары жүктелген.

Заманауи мейіргер тек дәрігердің көмекшісі болумен қатар, оның тағайындауларын механикалық түрде орындайды. Жоғары білікті мейіргер жеке науқастың қажеттіліктерін қанағаттандыратын күтімді жоспарлау, жүзеге асыру және бағалау үшін жеткілікті білім мен дағдыларға және сенімділікке ие болуы керек.

Қарқынды емдеу палатасының мейіргерінің негізгі міндеттеріне қарқынды терапия және реанимация кезіндегі науқастың жағдайын бақылау, қауіпсіздік техникасы, наркотикалық және басқа да дәрі – дәрмектерді қолдануды есепке алу, анестезияға дейінгі дайындық кезіндегі препараттардың дозасы, наркоз, анестезиядан кейінгі кезең, жалпы және анестезияға дейінгі кезеңге қатысу, науқастарды операцияға дайындау, сонымен қатар операциядан кейінгі науқастарға мейіргерлік  күтім және операциялар кезінде және одан кейінгі асқынулардың алдын алу. Анестетикалық тыныс алу және бақылау-диагностикалық аппаратураны және жұмыс орнын жұмысқа дайындау, жұмысқа жарамдылығын, жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін бақылау. Науқастар мен медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асептика және антисептика талаптарын қатаң сақтау. Манипуляциялардан кейін анестетикалық – тыныс алу және бақылау-диагностикалық аппаратураны өңдеу. Медициналық құжаттарды жүргізу. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету. Талапқа сай медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату. Бөлмедегі санитарлық-гигиеналық режимді, құралдар мен материалдарды зарарсыздандыру жағдайларын сақтау жұмыстарымен айналысады.

Қарқынды емдеу палатасының мейіргерлері өз жұмысының сипаты бойынша дәрігерлерге қарағанда науқаспен тікелей байланыста және оны бақылауға, күтіміне, ем-шараларды жүргізуге көбірек уақыт өткізеді. Сондықтан да қарқынды қадағалауды жүргізуде мейіргерлердің рөлі ерекше. Науқастарды үздіксіз бақылайтын мейіргерлер тұрақты бақылауды медициналық тағайындауларды орындаумен біріктіреді, мейіргер бөлімшеге келген нуқастың күтімін алдын-ала жоспарлау үшін алдын-ала ескерту шкаласымен (шкала раннего предупреждения) бақылау жүргізеді және науқастармен үздіксіз байланыс прогрессивті аурудың қауіпті белгілерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан шұғыл терапиялық шараларды жылдам жүзеге асырады. 

Браден шкаласы бойынша тері күтімін, құлау қаупін анықтау мақсатында Морзе шкаласы бойынша, Бартелла шкаласымен науқастың күтімге мұқтаждығы мәселесін шешу үшін оның күнделікті белсенділігінің деңгейін бағалау, ауырсынуды бағалау шкаласымен мейіргерлік бағалау жүргізіп КМИС бағдарламасы бойынша тіркеп отырады.

Жедел жәрдеммен келген науқастар қабылдау бөлімшесінің қарқынды емдеу палатасына келгеннен кейін кардиомонитор аппаратына қосылады, мейіргерлік зертханалық зерттеулер үшін қан мен басқада биологиялық материалдарды алады және клиникалық зерттеу бөліміне тасымалдайды, ерітінділермен инфузия жүргізеді, қажет болған жағдайда дәрігерлердің тағайындауына қарай дәрілік препараттарды енгізеді (антибиотиктер, ауырсынуды басатын дәрілер, седативтер және т.б.) дәрігердің тағайындауын орындайды. Рентгендік және электрокардиографиялық зерттеулер жүргізеді.

Сондай ақ мейіргердің міндеттеріне науқастың барлық өмірлік маңызы бар физиологиялық жағдайларын бақылау және қадағалау кіреді,олар үздіксіз КМИС бағдарламасы бойынша тіркеліп отырады.

Бөлімшелерге ауыстыру көрсеткіші: Гемодинамикасының тұрақталуы, шағымының айтарлықтай болмауы, тынысының өздігінен болып, ентігу-дем жетпеу сезімі болмауы, жалпы сараптамасының нәтижесі нормаға жақын болуы осы көрсеткіштерден кейін науқасты күтім көрсету сапасын жақсарту мақсатында дәрігерлік және мейіргерлік ауыстыру парағын (СПОР) толтырып бөлімшеге ауыстырылады. 

Ғалия Топжарғанова,

«Көп бейінді облыстық ауруханасы»

ШЖҚ МҚК қабылдау бөлімшесінің  мейіргері