Қарттарын қадірлеген ел ардақты

297

0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы құқық қорғау саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР ІІМ-нің «Құрметті ардагері», Қызылорда қаласының құрметті азаматы Рахимов Тастемір Сауранбайұлын 77 жасқа толуымен арнайы құттықтады. Ардақты ардагерге сый – құрмет көрсетті.

Тастемір Сауранбайұлы 1948 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң еңбек жолын 1971 жылы Қызылорда қаласы прокуратурасының тергеушісі қызметінен бастаған. Ол аға тергеуші, прокурор көмекшісі, Сырдария және Арал аудандарының прокуроры қызметтерін абыроймен атқарды.

1989 жылдың 5 қазанынан бастап Қызылорда облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, әрі тергеу бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалып, 1995-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінің Торғай және Қызылорда облыстық басқармаларын басқарды.

1997 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне тағайындалған алғашқы жергілікті маман ретінде өңірдің құқық қорғау жүйесіне зор үлес қосып, 2002 жылы құрметті демалысқа шықты.