Қару асынған ер адамның неге атыс шығарғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, кеше сағат 22.00 шамасында 102 пультіне Алматының Алатау ауданының тұрғын үй секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түскен.
«Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Азамат әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барғанын айтып, түсіндірді. Ер адамның іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға беріледі», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<