“Қарыздан құтылу үшін сатып жібердім”: Айтыскер ақын Балғынбек Имашев пәтер жалдап жүр

29

0

Фото: Видеодан скриншот

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бүгінде баспанасы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақынның айтуынша, ол қарызынан құтылу үшін барлық мүлкін сатқан. 

“Қазір баспанам жоқ. Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді бәрін сатып жібердім. 7 балам, келін түсірдім, анам бар бәріміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Бірақ бұл мен үшін стресс болмады, дүние келеді, кетеді. Ол мен үшін маңызды емес”, – деді ол.

Балғынбек Имашевтың бұл шешіміне көпшіліктің ауыр сөздері әсер еткен.

“Адамдардың “Сен қарызсың, сен айттың, сенің кесіріңнен кіріп кеттік. Қажылыққа деген соңғы ақшамызды балаң үйтті-бүйтті” деп ауыр сөздер айтқаны тиді. Сен таза екенін білсең де, жұрттың сөзі жүрекке ауыр тиеді екен”, – деді ол.