Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында Үкімет отырысының күн тәртібіне сәйкес 2024 жылғы қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы әкімдік мәжілісі өтті.
Жиынға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес қаржы игеру, көрсеткіштерді нақтылау жөнінде сөз сабақтап, мәселе бойынша жауапты бөлім басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.
– 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Әр сала бойынша көрсеткіштердің оң қарқыны қамтамасыз етілген. Жылдың болжамды көрсеткішіне талдау жұмыстарын жүргізіп, әр сала бойынша статистикалық есептілікке енгізу керек, – деді аудан басшысы.
Жиында келер жылы елімізде өтетін ауыл шаруашылығы санағы бойынша ауыл шаруашылығының өнімдері мен төрт түлік мал бастарына нақтылау жұмыстары жүргізу керектігі сөз болды.
Сондай-ақ қаржы игеру мәселесі кеңінен қаралып, 2024 жылға жоспарланған барлық қаражаттарды толығымен игеру жөнінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қатаң тапсырма жүктеді.
Мәжілістің күн тәртібінде қаралған екінші мәселе сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Мәселеге қатысты жойылып кету қауіпі бар жан-жануарларды қорғау немесе түрін сақтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру керектігі айтылды.
Жиын соңында осы және алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жұмыстарды нақтылаған аудан әкімі мәжілістің күн тәртбінде көтерілген мәселелерге қатысты бақылау жүргізуді аудан әкімінің орынбасарларына жүктеді.
Арал ауданы әкімнің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<