Қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

635

0

Сурет Жалағаш ауданы әкімдігі

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Ардақ Ибраимов қаржы саласы қызметкерлерін қабылдады.

«Бұл – ерекше мереке. Осыдан тура 30 жыл бұрын 15 қараша күні қазақстандықтардың төл теңгені қолдарына ұстаған кезінде Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын шынайы сезінген еді.
Төл теңгеміз Тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды. Халықтың көңіліне сенім ұялатып, болашаққа нық қадам басуына жол ашты.
Мемлекетіміз әлемдік дағдарысқа лайықты төтеп беріп, мызғымас қуатын дәлелдеді.
Жалағаш ауданында да экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты.
Аудандық бюджеттің салықтық түсімдері жылдан – жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджет кірісінің көлемінің өсуіне ықпал жасады»,-деді Ардақ Ибраимов.

Сонымен қатар, аудан әкімі 10 жыл бұрын аудан бюджеті 6,1 млрд. теңге болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 11 миллиардқа жеткенін айтты.

Табыстарға жету жолында тәжірибелі, өз ісіне шынайы берілген, білікті мамандары мен қаржы саласы қызметкерлерінің де өзіндік үлесі бар екенін жеткізіп, қаржы саласының ардагерлері мен сала мамандарына алғыс білдірді.

Мерекелік қабылдауда ардагерлер мен сала қызметкерлері облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш ауданының қаржы-экономика саласында ұзақ жылдары басшылық қызметте болып, халықтың құрметіне бөленген Мәлік Қайыпов, Нұрман Қосымбетов, Қалдан Қойшығұлов, Жалғас Құлымбаев, Қадырбай Бақтияров, Бердан Амитов, Болат Тәшімбетов секілді білікті басшылардың есімдерін ерекше атап өтіп, бүгін облыс әкімінің қабылдауында «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Өмірбек Жақсылықұлын арнайы құттықтады.

Сондай-ақ, ауданымыздың дамуына еңбегі сіңген, Теңгенің тарихын бастау алғаннан көрген, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық Әлиұлы, ауданда қаржы-экономика саласын 21 жыл бойы басқарған сала ардагері, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Болат Тәшімбетов тарихи кезеңдердің өзіндік ерекше тұстарына тоқталып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<