Қаржылай қолдау барда кәсіптің көзі көп (видео)

117

0

«Ауыл аманаты» жобасы – ел тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған. Яғни, жоба аясында ауылдық жердегі халықтың табысын арттыру негізгі шарт саналады.

Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Ләззат Сейітова пайыздық мөлшерлемесі әлдеқайда төмен жобаның 5 млн. теңге қаржылай қолдауына ие болды. Бұл қаржыға кәсіп иесі жаңа технологиялы пеш, нан илейтін және тағы басқа да жабдықтарды сатып алды. Қазір өндірісті іске қосып, Махамбетов, Наурыз ауылдары мен Тасбөгет кентінің дүкендеріне күніне 500-ге жуық нан өткізіп келеді.

Осылай «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көрген Ләззат Сейітова алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді де көздейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<