Қасиет қонып, құт дарыған Қарғалы елді-мекеніне 50 жыл!

226

0

Фото: Шиелі ауданы

Күні кеше тарихы терең, сәні мен салтанаты, ырыс – ынтымағы, береке – бірлігі жарасқан Қарғалы елді мекенінің 50 жылдық мерейтойына орай аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өтті.

Жиында аудан әкімі Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы ауыл тұрғындарын, келген қонақтарды айтулы мерейтоймен құттықтап, арнайы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың құттықтау хатын ауыл әкіміне табыстады. Әрі, ауылдың ардагерлерін және еңбек озаттарын төсбелгілер мен алғыс хаттармен марапаттады.

Мұнан соң, ақындар айтысы ұйымдастырылып,белгілі ақындар Кенжебай Жүсіп, Нұрмат Мансұров, «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов бастаған айтыскер ақындар тойдың сәнін келтіріп, көпшіліктің ризалығына бөленді.

Мерекелік концерттен кейін арнайы тігілген киіз үйлерде ас берілді. Ауылдың үлкендері ауыл тарихы мен осы жерде түлеп, түтінін түтеткен еңбекқор жандардың ғұмыр деректері жайлы білген ақпараттармен бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<