Қасым-Жомарт Тоқаевқа торт тарту етілді

242

0

Сурет: akorda.kz

Бүгін, 2024 жылдың 17 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Осыған орай Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим оған «Happy Birthday Mr President» деген жазуы бар торт сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ануар Ибрагим Қазақстанға ресми сапармен 16 мамырда келді.

Ал келесі күні сапар аяқталды.

Ақорданың Telegram-арнасында хабарланғандай, Тоқаев елорда әуежайында Малайзия Премьер-министрін өзі шығарып салды.

«Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<