«Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

3

0

Фото: Полиция департаменті

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес облыс көлемінде 28 қаңтар-3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Оған барлығы 507 адам жұмылдырылды. Іс-шараның 5 күнінде учаскелік инспекторлар 141 мәрте рейдтік мақсатта аралау жұмыстарын ұйымдастырып, полиция есебінде тұрған адамдардың мекенжайын 1 544 мәрте тексерді. 206 құқықбұзушылық дерегі анықталып, әртүрлі шаралар қабылданды. Оның ішінде 196-бап – тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау – 5 дерек, 200-бап – алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сату – 13 дерек, 440-бап – алкогольдік ішімдік iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 142 дерек, 440-1-бап – есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну – 3 дерек, 434-бап – ұсақ бұзақылық – 34 дерек, 463-бап – тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру – 9 дерек. Ішкі істер органдары есебіне 13 маскүнем мен 1 нашақор есепке қойылды.

Күннің суық мезгілінде суықтап қатып қалмау мақсатында қаламыздағы белгілі тұрағы жоқ 10 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Бұдан басқа 19 жасөсіпірім, оның ішінде 12-і түнгі сағат 10-нан кейін көңіл көтеру орнында заңды өкілінсіз жүргені үшін ұсталса, 2-і маскүйінде қоғамдық орында жүрген. 5 жасөспірім түнгі уақытта ата-анасының ертуінсіз көшеде жүргені үшін бейімдеу орталығына жеткізілді.

Өтіп жатқан іс-шараны халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпараттар құралдарына 69 мәрте мақала жарияланды.

Гүлжан ІЛИЯСОВА,

Кызылорда облыстық ПД қогамдык кауипсиздик баскармасы

үгіт-насихат тобының ага инспекторы,

полиция майоры