Қауіпсіздік – басты назарда!

670

0

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС басшылық құрамы қалаішілік бағыттарда қоғамдық көлік жүргізушілеріне Шымкент қаласында автобустын қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаласын басты назарға алып осындай ЖКО алдын алу, болдырмау және жол жүру ережелерін қатан сақтау мақсатында арнайы жиын өткізді.

Жиын барысында серіктестік директоры Мақсат Өмірбекұлы Шымкент қаласында болған оқиғаны біздін шаһарда қайталанбас үшін барынша сақ болуға шақырды. Қауіпсіздік бойынша директордын орынбасары Әмірбек Бердібекұлы жүргізушілерге тәртіпсіздікке әкеліп соқтыратын жол жүру ережесін өрескел бұзуға жол бермеу, жылдамдық режимің сақтау, басып озу, қарсы бағытқа шығу секілді жол жүру ережелерін қатан сақтау керектігіне баса назар аударды.

Қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру барысында жүргізуші мен жолаушы арасында келеңсіз оқиға орын алған сәтте жүргізушілер тарапынан сабырлық сақтап, сыпайылық танытып жанжалға жеткізбей мәдениетті түрде шешім қабылдау керектігі атап өтілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<