Қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

769

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Омар Бержанов суға кету жағдайларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып берді.


Жыл басынан бері су айдындарында 8 оқиға тіркелді. Салдарынан 8 адам қайтыс болды. Басты себеп, қауіпсіздік ережелері өрескел бұзылған.

Осы ретте, департамент пен бөлімшелері азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Тұрғындар арасында үгіт-насихат шаралары жүргізілді.


Жедел-құтқару жасағының техникалары, жүзу құралдары, сүңгу құрал-жабдықтары жеткілікті. Мамандардың дайындығы да назарда. Облыс аумағындағы су айдындарында балық аулау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау және қауіпсіздікті сақтау үшін рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Су айдындарында 64 шомылуға қауіпті учаске белгіленген. Суға түсуге арналған 3 жағажай жұмыс жасайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<