Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

5

0

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті. Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады.

Президент энергетикалық қауіп­сіздік еліміздің тәуел­сіз­дігі мен экономикалық орнық­тылығын қамта­масыз ететінін атап өтті. Бүгінде Қазақ­станның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті. Деген­мен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайда­лануды талап етеді.

Кеңесте отандық электр қуа­тын қажеттілікке қарай икемдеп өн­­діру мәселесі қозғалды. Со­ның ішінде газ генерациясы, энер­­гия сақтау жүйе­лерін да­мыту жоспарларымен қатар гидро­­­энер­ге­ти­каның әлеуеті өзек­ті саналады. Мемлекет бас­шы­­­сы­­ның айтуынша, аграрлық сек­торға, өнер­кәсіп пен эконо­мика­ның басқа да сала­ларына су үнем­деу техно­логия­ларын кеңі­нен енгізу маңызды. Сонымен қатар саланың ғылыми-тех­ни­ка­лық және кадрлық жай-күйіне айрықша назар аударылды. Кәсі­би кадрларды даярлау гидро­энергетика бағытындағы ғылыми-зерттеу база­сын дамыту үшін де керек.

Жиын соңында Үкіметке және өңір әкімдеріне отан­дық энергетика жүйе­сінің тұрақты­лығына қатысты мәселелерді жан-жақты шешу тапсырылды.