Қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 3 бөлмелі пәтер беріледі

589

0

Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі деп хабарлады turkystan.kz semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салсақ, 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалды. «Abai Aqparat» редакциясы Абай облысы ТЖД басшылығымен байланысты. «Фирма Азия» ЖШС марқұмның отбасына Қарағайлы ықшам ауданынан үш бөлмелі пәтер беретінін хабарлады.

Айдос Тоғызбаев 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы қалды. Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевты үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттауға ұсынды. «Фирма Азия» ЖШС ұжымы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<