«ҚазАгро» холдингінің экс-басқарушы директоры 10 жылға сотталды

555

0

«ҚазАгро» холдингінің бұрынғы басқарушы директоры А.Қамшымбаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылдың 25 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «ҚазАгро» холдингінің бұрынғы басқарушы директоры – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма мүшесі А.А.Қамшымбаев кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепіл элеваторын сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі 200 000 АҚШ долларын ұрлауға және пара беруге итермелеуге әрекеттенген.

Осы үкіммен Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты А.И.Булатов ақша жымқыруда сыбайлас деп танылып, оған 5 жылға шартты жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының орынбасары Б.Н.Рахимов заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығы шектелді (бұрын тағайындалған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын ескере отырып)», – делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<